Kharkov Himprom Ltd. эксклюзивті пластик ыдысын дайындау және өндірісі
Кәсіпорын эксклюзивті қаптайтын пластик ыдысын дайындау және өндірісін ұсынады.
Полиэтилен ыдысының дизайнын, сызбасын және 3D үлгісін дайындау, нығыз-қалып тапсырысын сүйемелдеу және дайын пластик ыдысын шығару.
Біздің дизайнерлер сіз үшін полиэтилен канистрының, шишаның, қақпақтың жаңа қалыбын жобалап береді, ол сіздің сұранысыңызды толықтай қанағаттандырады. Жобаланатын пластик ыдысының нығыздығы, көлемі, қабырғаларының қалыңдығы, салмағы және т.с.с. барлық талап етілетін ғылыми-техникалық сипаттамасы қарастырылатын болады.
Біз шығаратын полиэтилен ыдыс ураина, ресей және еуропа заңнамаларына сәйкес сертификатталған және:
- ISO 9001:2015 халықаралық стандартына сәйкестігінің сертификаты;
- Қауіпті жүктерді тасымалдау үшін БҰҰ талаптарына сәйкестігіне халықаралық сертификаты;
- Азық-түлік және химиялық өнімдерді қаптау үшін санитарлық-гигиеналық сертификаты бар.
Пластик ыдысының өндірісінде жоғары сапалы HDPE полиэтилені және көпқабатты коэкструзия әдісі (COEX) қолданылады.
Қаптайтын пластик ыдысы азық-түлік, медициналық өнімдерін де, өнеркәсіптік және химиялық агрессивті заттарды да сақтау және тасымалдауға арналған. Осының арқасында, біз сұйық және сусымалы заттар өндірісінің әртүрлі салаларының эксклюзивті пластик ыдысын шығара аламыз.
Жобаны әзірлеуге технолог, құрастырушы және дайындау мен шығарудың барлық кезеңдерінде бірге болатын сату бөлімінің менеджері қатысады.
Біз жаңа, заманауи эксклюзивті полиэтилен ыдысының арқасында сіздің өніміңіздің нарықта танымалдығын арттыруға көмек беретін мамандардың командасын жинадық.
Толық ақпаратты нақтылау үшін біздің менеджерлерге хабарласыңыздар немесе байланыс нысаны арқылы өтінім қалдырыңыздар.